Қайғыру, налу, күйіну, мүңаю, қамығу, қамырығу, азалау, уайымдау, мүңдану, жамығу, аһылау, үһілеу, шерлену

lat: Qaıǵyrý, nalý, kúıiný, múńaıý, qamyǵý, qamyryǵý, azalaý, ýaıymdaý, múńdaný, jamyǵý, ahylaý, úhileý, sherlený.

Мұңды шерлі болып күйзелу, қайғы-қасірет тарту .

Мен олай-бұлай болып кетсем Ақпардың күні не болар деп қайғырды.Мүсірепов).

Әсет бірaз налыды күйінді Сәулетайға. Мұратбеков).

Әке өлімі Ақжанылды қатты күйіндіріп , дүние төңкеріліп, бүкіл тірлік біржола күйреп біткендей болды. Әбілев). 

Ата-анам жоқ, олар былтыр қайтыс болды деп, Байжан мұңайды . Кенжебаев).

Баздан қамығып қайтқан Райхан үйге келгенше ләм-мим деп, тіл қатпады. Жүнісов).

Енбегі сіңген адамға жол берсе қайтеді деп қамырығады. Досжанов).

Егіле берді сорлы ана,

Ұл өлімін азалап ,

Зарына сен де қосылдың,

Жас жанынды жаралап. Жұмағалиев).

Аш қалар ма екенбіз деп уайымдап қиналудан, шешем шынында керемет күйзеліп жатыр. Соқпақбаев).

Қайғымен іштей мұңдану , міне, шын адамгершілік белгісі. Тоқтаров).

Сөзіңнен көріп өзіңді,құшақтай алдым жамығып ,-деген жерге келгенде қыз шыдай алмады (О. Бөкеев).

Тек күңгірт күйлер мeнi күйзелткенде, аһылап , ақ арымды кемі. Бекхожин).

Олар малдары үшін қайғырып, уһілеп ренжумен кетіп барады.Мүсірепов).

Бәріне айырылып жалғыз қалдым, - деп шерлене өксіп-өксіп еңіреп жіберген кезде дауысынан таныдым.Жәкенов).